Оқшауланған гепатоциттердің жасушалық гомеостазын сақтауда аутофагияның ролі

Authors

  • Р.С. Досымбекова
  • Н.П. Бгатова
  • З.Б. Тунгушбаева
  • К.О. Шарипов
  • К.К. Омирзакова
  • М.М. Исмаилова
  • Д.Ш. Жетписбай

DOI:

https://doi.org/10.31489/2020bmg2/90-96

Keywords:

оқшауланған гепатоциттер, базальды аутофагия, жасушалық цикл

Abstract

Мақалада оқшауланған гепатоциттердің ультрақұрылымдық ұйымы зерттелген және олардың өсу динамикасындағы жасушаішілік өзгерістердің сипаты анықталған. Нативтік қасиеттері сақталған гепато-циттерді өсіру әдісін әзірлеу, әртүрлі сыртқы факторлардың, химиялық қосылыстардың және жаңа дәрілік препараттардың гепатотоксикалық әсерлерін зерттеу үшін және бауырдың тұқым қуалайтын немесе терминалды ауруларын емдеуде жасушалық трансплантацияны жүргізуге мүмкіндік беретін қажеттілігімен анықталды. Бастапқы гепатоциттерді өсіру үлгілері бауыр метаболизмін, секрециясын және регенерациясын зерттеу үшін қолданылады. Бастапқы гепатоциттерді өсіру стандартты қоректік ортада жүргізілген, ал өсу динамикасы ағынды цитофлуориметрия, жарық және электронды микроскоптар арқылы зерттелген. Стандартты қоректік ортада өсірілген бастапқы гепатоциттерді зерттеу нә-тижесінде, гепатоциттердегі базальды аутофагиянның жоғарылауы гликофагия мен митофагия түрінде көрініс берді. Аутофагия стандартты өсірілген жағдайда оқшауланған гепатоциттердің жасушалық гомеостазын сақтауға мүмкіндік береді.

Downloads

Published

2020-06-30

Issue

Section

Articles