Журнал туралы

ISSN: ISSN 2518-7201 (Print)

ISSN: ISSN 2663-5003 (Online).

Басылым халықаралық орталықта тіркелген ISSN:

ISSN 2518-7201 (Print)

ISSN 2663-5003 (Online).

Журналдың электрондық нұсқасының мақалаларына қол жеткізу https://biollogy-medcine-geography-vestnik.ksu.kz/ сайтта.

2020 жылдан бастап барлық мақалаларға DOI сандық объектінің идентификаторы тағайындалды.

Меншік иесі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министирлігі. КЕАҚ «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті»

Жариялау тілі: биология сериясы – ағылшын тілінде; медицина және география сериясы - қазақ, орыс, ағылшын тілінде

Жариялану жиілігі: тоқсанына 1 рет, яғни жылына төрт рет шығарылады. №1 - 30 наурыз, №2 – 30 маусым, №3 – 30 қыркүйек, №4 – 30 желтоқсан.

 «Қарағанды университетінің хабаршысы, биология сериясы» журналының мақсаты: Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі тәжірибелік зерттеулер, сын және аннотациялар түріндегі биологиялық мәселелердің кең ауқымын қамту; ғылыми зерттеулердің, гранттық жобалардың, диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялау; биология, медицина және география мәселелерінің кең ауқымын талқылау.

Міндеттер:

1. Биология, медицина, география бойынша, биология мен географияны оқытудың инновациялық әдістері бойынша іргелі және қолданбалы маңызы бар жаңа ғылыми нәтижелерді жариялау.

2. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында шығарылатын жарияланымдарда, әр түрлі деңгейдегі конференциялар, журнал авторларының негізгі жұмыстарының нәтижелерін жариялауда республикалық және халықаралық функцияларды қамтамасыз ету.

3. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін кеңірек кеңесу үшін қол жетімді ашық ғылыми кеңістік құру.

4. Кәсіби өсуді қамтамасыз ете отырып, ғылыми қоғамның, жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.

Басылым түрлері:

- шолулар (12-14 бетке дейін);

- түпнұсқа зерттеулер (10 бетке дейін);

- қысқа хабарламалар (5-6 бет);

-Data Paper;

- Қазақстанның жетекші ғалымдарын еске алуға арналған мемориалдық мақалалар.

Тақырыптық қамту – келесі бөлімдердегі биология, медицина және география саласындағы толық мәтінді мақалалар, шолулар және баяндамалар түріндегі түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері:

Биология сериясы:

1 Ботаника (флора, өсімдік ресурстары, анатомия, өсімдіктер морфологиясы және физиологиясы, интродукция, өсімдіктерді табиғи жағдайда қорғау мәселелері);

2 Зоология (омыртқалы және омыртқасыз жануарлар фаунасы, олардың экологиясы және қорғалуы);

3 Молекулалық биология;

4 Микробиология, өсімдік биотехнологиясы;

Медицина сериясы:

1 Адам экологиясы;

2 Диабет және диабет саласындағы ғылыми зерттеулер.

3 Фармация.

География сериясы:

1 География (физикалық, экономикалық, ландшафтық) және геоэкология.

Журнал жарияламайды:

- журналдың бағытына сәйкес келмейтін материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылығы, өндірістік биотехнология және тамақ өнеркәсібі салаларындағы мақалалар жарияланбайды;

 -авторлар басқа басылымдарда бұрын жариялаған материалдар;

- журналдың техникалық талаптарына сәйкес рәсімделмеген;

--Data Papers форматындағы мақалалар немесе GBIF платформасында тексеру check lists/occurrence пішімінде деректер жиынын орналастырмай өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қысқаша мазмұны;

- түзетуге келмейтін қайталаулар, орфографиялық, математикалық және басқа қателер, сондай-ақ анықталған ғылыми фактілерге тікелей қайшы келетін мәлімдемелер мен болжамдар бар материалдар;

-Журналда авторлардың азаматтығы мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми еңбектер жарияланады. Мақалаларды таңдау екі жақты соқыр рецензияға негізделген.

Редакцияның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 470074, Қарағанды қ., Университетская к-сі, 28/3, 3 корпус (биология-география факультеті); е-mail: bulletin_karsu_biology@mail.ru

Тел.: +7(7212) 356152

Бас редактор: Ишмуратова М.Ю.

Жауапты хатшы: Коваленко О.Л.

Медицина сериясы бойынша жауапты редактор: Атажанова Г.А.

Географиясериясы бойынша жауапты редактор: Акпамбетова К.М.

Facebookhttps://www.facebook.com/groups/1000283800700114

Жалпы ақпарат

1. Ғылыми журнал «Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География серисы» ISSN (ЮНЕСКО, Париж, Франция) ISSN 2518-7201 (Print), ISSN 2663-5003 (Online) серияларды тіркеудің халықаралық орталығында тіркелген.

2. Ғылыми журнал «Қарағанды университетінің хабаршысы. иология. Медицина. География серисы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу куәлігі № 13106-Ж  23.10.2023ж. 

3. Ғылыми журнал Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдар тізіміне кіреді.

4. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Биология. Медицина. География сериясы барлық жарияланған мақалаларға DOI сандық объект идентификаторын тағайындайды.

5, Журнал РҒДИ-де тіркелген. Барлық мақалалар РҒДИ индекстеледі және сайттағы РҒДИ ғылыми электронды кітапханасында elibrary.ru PDF форматында ашық түрде орналастырылады.

Объявления

Текущий выпуск

2024, 29, 4 (116)
Опубликован: 2024-12-30

Бүкіл шығарылым

Биология

Медицина

География

Показать все выпуски