Дəстүрлі дамытып оқыту бағдарламасы бойынша оқитын бастауыш сынып оқушыларының ағзасының самотометрикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы
DOI:
https://doi.org/10.31489/2015bmg3/58-63Keywords:
білім, дəстүрлі дамытып оқыту бағдарламасы, самотометрика, бастауыш сынып, бой өлшемі, салмақ, физикалық көрсеткіштер, антропометрия, денсаулық, жағымсыз факторларAbstract
Мақалада бастауыш сынып балаларының ағзасының самотометрикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы сипаттамасы қарастырылған. Əр жас кезеңінің өзіне тəн дене, психикалық жəне əлеуметтік даму деңгейі болады. Балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, сауықтыру-гигиеналық процедуралар өткізуге эмоционалды-жағымды қатынасқа, қозғалыстарды жетілдіруге, физикалық жəне мықтылық қасиеттерін дамытуға, балалардың дербестігіне бағытталған. Қарқынды даму барысында əсіресе қоршаған ортаның балa ағзасына қалай əсер етіндігі, əр түрлі жағымсыз факторлардың əсер етуі жайлы білуіміз қажет. Бұл мəселеге жоғарғы тұрғыда көңіл бөлінеді. Баланың даму физиологиясы гигиенамен тығыз байланыста, себебі барлық физиологиялық заңдылықтар гигиеналық талаптар мен ұсыныстардың
теориялық негізі ретінде қалыптасады.