Отандық жəне импорттық мал шаруашылығы өнімдерінің антибиотиктердің қалдық мөлшерімен ластану дəрежесін зерттеу

Authors

  • К.А. Нұрлыбаева

DOI:

https://doi.org/10.31489/2015bmg3/99-103

Keywords:

антибиотиктер, шикізат, мал өнімдері, тетрациклин, гризин, левомицетин, стрептомицин, бұлшық ет, импорт, отандық өнім

Abstract

Мақалада жануар тектес өнімдердің антибиотиктермен ластану мəселесі қарастырылған. Қазіргі таңда жануар тектес өнімдердің антибиотиктермен ластану мəселесі ұлттық, халықаралық масштабта қаралады. Мəселенің өзектілігі жоғары болғанымен, ол фрагментарлы сипатқа ие. Токсиканттар жайлы жəне оларды қадағалау жөнінде мəліметтер қазіргі таңда жеткіліксіз. Сондықтан жоғары
сапалы жануар тектес шикізат пен толыққанды биологиялық тағам өнімдерін алу мəселесіне жоғары
тиімді кешенді ыңғайын табу керек. Соңғы жылдары отандық нарықтың сипаттамаларының өзгеруімен қазақстандық экономиканың əлемдік экономикаға кірігу жөнінде шаралар қолданылды. Бұл маңызды мəселені шешу барысында Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Ұйымының қатысушылары жүктелген экологиялық жəне санитарлық қадағалау талаптары ескерілген.

Downloads

Published

2015-09-30

Issue

Section

Articles