Астана қаласының Жерұйық саябағындағы қайың жəне терек ағаштарының фитопатогенді саңырауқұлақ ауруларын геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдана отырып зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.31489/2015bmg3/112-116Keywords:
саңырауқұлақ, микромицеттер, клейстотеций, қалта, спора, тат, ақ ұнтақ жəне жетілмеген саңырауқұлақтар, геоақпараттық жүйелер технологиясы, ArcGISAbstract
Мақалада Астана қаласынның Жерұйық саябағындағы қайың мен терек ағаштарының фитопатогенді саңырауқұлақтары зерттелініп, кеңістіктік талдау жасалды. Саңырауқұлақтардың морфологиялық
пішіндеріне, спораларына сипаттамалар берілді. Зерттеу нəтижесінде қайың ағаштарында 5 қатарға (Erysiphales, Uredinales, Sphaeropsidales, Moniliales, Melanconiales), 7 туысқа (Microsphaera, Melampsoridium, Phyllosticta, Cytospora, Alternaria, Cladosporium, Gloeosporium), 13 түрге, ал терек ағаштарында 5 қатарға (Erysiphales, Uredinales, Sphaeropsidales, Moniliales, Melanconiales), 5 туысқа (Phyllactinia, Melampsora, Coniothyrium, Cladosporium, Marssonina), 8 түрге жататын фитопатогенді саңырауқұлақтар анықталды.