Қарқаралы жəне Бұйратау ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының биологиялық алуантүрлілігіне сипаттама
DOI:
https://doi.org/10.31489/2015bmg4/61-67Keywords:
ЕҚТА, биологиялық алуантүрлілік, экологиялық жүйе, мониторинг, белдем, эндемиктік белдем, қорықтық белдем, рекреациялық белдем, экожүйе, популяция, биоценоз, акваторияAbstract
Мақалада Қарқаралы мен Бұйратау ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының(ЕҚТА) биологиялық алуантүрлілігі сипатталып, салыстырмалы түрде қарастырылған. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау— жануарлар мен өсімдіктердің, ландшафттар жəне экожүйелердің көптүрлілігі— қазіргі заманның аса өзекті мəселесі. Биологиялық алуантүрлілік— Жердегі тіршіліктің тұрақтылықтың басты шарты екендігі, яғни, популяциялар, биоценоздар мен экожүйелердің тұрақтылығының маңызын аша білді. ЕҚТА-дың болуы қоршаған ортаны қайта қалпына келтiрудiң кепiлi жəне көзi болып табылады. Авторлар«Бұйратау» мен «Қарқаралы» ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының қазіргі кезеңде бар биологиялық алуантүрлілігін статистикалық мəліметтерін өндеп, салыстырмалы түрде зерттеді.