Ақтау таулы өңіріне қарасты Дарат тоғанында кездесетін пайдалы өсімдіктер
DOI:
https://doi.org/10.31489/2016bmg3/80-86Keywords:
фитоценология, гербарий, мезоксерофит, ксеромезофит, бірлестік, қор, экспериментAbstract
Мақалада алғаш рет Ақтау таулы өңіріне қарасты Дарат тоғанының өсімдіктер бірлестігінің типтері анықталып, əр түрлі өсімдіктер бірлестігінде кездесетін пайдалы өсімдіктердің түрлік құрамы, систематикасы, экоморфасы жəне өмір сүру формасы анықталған.Тіркелген пайдалы өсімдіктер халық шаруашылығының əр түрлі саласында қолданылуы бойынша жіктелген. Осы анықталған түрлердің
ішінде келешекте жан-жақты зерттеуді қажет ететін доминанттық— дəрілік, эфир майлық өсімдіктер айрықша көрсетілген. Бұл өсімдіктерінен басқа тоғанның жайылымдық, ылғалды жерлерінде көптеген
мал азықтық, сəндік, бал алынатын, тамақтық, техникалық түрлері де кездесетіндігі айтылған. Сол
сияқты осы тіркелген түрлер келешекте жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мысалы, халық шаруашылығының əр түрлі саласында қолдану мақсатында шикізат қоры жəне шикізатын дайындаудың ең тиімді мерзімін анықтау қажеттілігі туралы жазылған.