Көкөністерді зақымдайтын зең саңырауқұлақ түрлерінің биоэкологиялық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2017bmg1/55-60Keywords:
зең саңырауқұлақ түрі, биоэкологиялық ерекшелік, морфологиялық ерекшеліктер, жіпшумақ, конидия, таза екпе, фунгицидтерAbstract
Көкөністерді зақымдайтын зең саңырауқұлақ түрлерінің əсерінен өнімнің түсімі мен сақтау мерзімі жылдан жылға азаюда. Аталған түрлердің биоэкологиялық ерекшеліктері зерттеліп, күресу шараларының негізін жасау өзекті мəселе болып табылады. Көкөніс түрлерінде ауру қоздырушы зең саңырауқұлақ түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында олардың таза екпесі алынып зерттелді. Нəтижесінде түрлердің морфологиялық критерийлері айқындалды (зардаптау сипаты, конидия өлшемі, көлденең перде саны, конидия түзу ерекшелігі). Зең саңырауқұлақ түрлері Н.А. Наумов(1935) жəне М.А. Литвинов (1967) анықтамалары көмегімен анықталды. Алматы облысының бес ауданынан (Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Панфилов) көкөністердің тұқымдары мен зақымданған көкөніс түрлері жинап алынды. Оларда көкөністердің сапасына əсер ететін зең ауруларының қоздырғыштары Macrosporium Cooke & Ellis, Alternaria Nees туысының
келесі топтарына жататын түрлері табылды: Macrosporium solani Ellis & G. Martin, Macrosporium cucumerinum Ellis & Everhart, Macrosporium commune Rabenh.,Macrosporium carotae Ellis & Langl., Alternaria brassicae (Berk.) Sacc., Alternaria tenuis Nees, Alternaria radicinia Meier, Drechsler & E.D. Eddy, Alternaria alternata (Fr.) Keissl.