Орталық Қазақстан халқының демографиялық жағдайларына экологиялық факторлардың əсері

Authors

  • К.Д. Кенжина

DOI:

https://doi.org/10.31489/2017bmg1/103-108

Keywords:

экологиялық фактор, демография, ауру көрсеткіштері, өлім көрсеткіштері, ластану, ластағыш заттар, ұлт денсаулығы, қоғам

Abstract

Мақалада Орталық Қазақстан халқының демографиялық жағдайларына кері ықпал етуші факторлар ретінде экологиялық жағдайлардың əсері қарастырылған. Демографиялық жағдайлардың негізгі көрсеткіштері болып туу мен өлім табылса, аталған аумақтағы жүрек-қан тамырлары дерттерінен қайтыс болу деңгейі талданып, оның демографиялық көрсеткіштегі үлесі анықталған. Ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты— экологиялық факторлардың адам ағзасына кері əсерін, ғасырдың жаңа аурулары болып есептелетін ауруларды туындатушы фактор ретіндегі рөлін анықтау. Жүрек-қан
тамыры ауруларына əйелдерден гөрі ерлер көп шалдығады. Автор аталған ерекшеліктерді талдай
отырып, көрсеткіштердің соңғы жылдардағы өсу динамикасы мен кему көрсеткіштерінің жүйелі түрін
көрсеткен. Нəтижесінде Қарағанды облысы аймақтары бойынша үлкен айырмашылықтар байқалады,
себебі əр қала мен аудан экономикалық даму, өнеркəсіптік шоғырлану, экологиялық жағдайларында
жəне медициналық қамтылу деңгейінде өзгешіліктер орын алады.

Downloads

Published

2017-03-30

Issue

Section

Articles