Echinops albicaulis Kar.et. Kir дəрілік өсімдігі сабағының фармакогнозиялық белгілері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2017bmg2/62-68Keywords:
Echinops albicaulis, фармакогнозия, сабақ, анатомия, морфология, схизогенді клетка, өткізгіш шоқ, друза, трихома, колленхимаAbstract
Мақалада Малайсары шатқалынан 2016 ж. гүлдеу кезеңінде(маусым-шілде) жинақталған Echinops
albicaulis дəрілік өсімдігі сабағының фармакогнозиялық белгілері, яғни морфологиялық жəне анатомиялық ерекшеліктері, көрсетілген. Малайсары шатқалы Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдерінде орналасқан. Өсімдіктің бұл аймақтағы қоры, Ботаника жəне фитоинтродукция институтының өсімдіктер биоресурстары лабораториясының зерттеулері нəтижелері бойынша анықталды. Морфологиялық ерекшеліктері: өсімдіктің орташа биіктігі, сабағының макроскопиясы, жалпы сипаттамасы. Анатомиялық ерекшеліктері: түктерінің типтері, сабағының анатомиялық құрылысы, жабындық ұлпа, өткізгіш шоғы, схизогенді клетка, механикалық ұлпа. Echinops L. (лақса)
туысы өсімдіктерінің экстрактыларының гепатопротекторлы, қабынуға қарсы, фунгицидті,
қышқылдануға қарсы белсенділік қасиеттеріне ие екені белгілі. Echinops L. (лақса) туысының түрлерінде хинолды алколоидтар, секвитерпеноидтар, флавоноидтар, тритерпендер жəне тиофендер
анықталған. Ресми медицинаға енгізілмеген лақса туысы өсімдіктердің бірі Echinops albicaulis — Asteraceae тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін, эндемик өсімдік. Қазақстан Республикасында Қызылорда облысында, Бетпақдалада, Мойынқұмда, Қызылқұмда(солтүстік), Балқашта кездеседі.
Өсімдіктің медицинада қолданылу болашағын анықтау үшін ботаникалық зерттеулер жүргізудің маңыздылығы өте зор. Ботаникалық зерттеулер арқылы өсімдіктің морфологиялық жəне анатомиялық ерекшеліктерінің негізінде диагностикалық белгілерін анықтау ары қарай химиялық тұрғыдағы жұмыстарды кеңінен жүргізуге мүмкіндік береді.