Бауырдың морфологиялық құрылымы мен ферменттік қызметіне құрамында0,6 % мыс бар полиметалды шаңның əсері

Authors

  • С.Б. Жаутикова
  • Х.Р. Абдикадирова
  • Б.М. Сулейменова
  • М.Р. Мукушев

DOI:

https://doi.org/10.31489/2017bmg2/125-131

Keywords:

шаң, полиметалл, мыс, бауыр, жасуша, гепатоцит, морфология, гистология, фермент, гистохимия

Abstract

Мақалада Балқаш кен-металургиялық комбинатының (цехтарының) құрамында0,6 % мыс бар полиметалды шаңның егеуқұйрықтар бауырына ұзақ мерзімді əсерін салыстырмалы түрде зерттеген кездегі алынған нəтижелері берілген. Құрамында 0,6 % мыс бар полиметалды шаң 30 тəулік бойы əсер еткен эксперименттік егеу құйрықтар бауырында байқалатын бұл құрылымдық өзгерістер, біздің ойымызша, метаболизмнің қалпынан тайып, бейімделу барысы күрт ауытқитындығының бейнесі сияқты. 90 тəуліктік орташа мерзімді экспериментте гепатиттің де нышаны байқалып, соның салдарынан зат алмасу процесінің жылдамдық қарқыны тежеледі. Гистохимиялық тəсілдермен зерттегенде аталған ферменттер белсенділігі де өзгергені байқалады: бақылау тобымен
салыстырғанда, бұл топтағы қышқыл фосфатазаның көлемдік үлесі 73,46 %, сукцинатдегидрогеназаның— 71,1 %, лактатдегидрогеназаның— 70,04 %, глюкоза-6-фосфатдегидрогеназаның— 64,56 % жəне гликогеннің мөлшері77,06 % төмен. Ағзаға құрамында 0,6 % мыс бар полиметалды шаң 90 тəулік бойы əсер еткеннен соң микроскоптық тəсілмен зерттеу барысында бауырдағы өзгерістер айқын бейнелі реактивтік сипатта дамитыны жəне кейін ол қақпалық типтегі гепатитке ұласатыны айқындалды. Сонымен қатар 90 тəуліктен соң, 30 тəуліктік эксперименттегіге қарағанда, егеу құйрықтар гепатоциттерінде шаң түйіршіктері 2,25 есе көп, ал 180
тəуліктен соң 90 тəуліктегіден 22,22 есе көп. Себебі гепатоциттерге жиналған мыс бауырдағы макрофагтардың фагоциттік қызметін тежеп, ағзадан шаңның шығарылу (элиминация) жолдарына кедергі болады. Бұл өзгерістер өз ретінде мүшенің құрылымдық бірліктерінің қызметі мен метаболизмін зақымдайды. Лизосомалардың жасушалардағы мысты залалсыздандырудағы жəне сыртқа шығарудағы маңызды рөлі белгілі. Ал қазір мыстың əсерінен лизосомалық мембраналар зақымдалып, ферменттерінің бүлінуі жанданатыны жəне митохондриялар азайып, ферменттерінің
əсері тежелетіні жайлы болжам бар.

Downloads

Published

2017-06-30

Issue

Section

Articles