Ақтау таулы өңірінің кең таралған кейбір дəрілік жəне эфир майлық өсімдіктерінің жер беті мүшелерінің шикізат қоры
DOI:
https://doi.org/10.31489/2017bmg3/20-25Keywords:
дəрілік, эфир майлық, фитоценологиялық сипаттама, ареал(таралуы), қор, эксплуатациялық шикізат қоры, өмір сүру формасы, қауымдастық, біржылдық жəне көпжылдық өсімдіктер, ксерофит, мезофит, ксеромезофит, мезоксерофит, гигрофитAbstract
Мақалада Ақтау тауына қарасты төрт өңірдің(Райыс, Дарат, Қорған, Ақсай) əр түрлі өсімдіктер
бірлестігінде кездесетін кең таралған əрі дəрілік, əрі эфир майлық10 түрлі өсімдіктің(кəдімгі
түймешетен— пижма обыкновенная— Tanacetum vulgare, кəдімгі мыңжапырақ— тысячелистник
обыкновенный— Achillea millefolium, дəрілік қандышөп— кровохлёбка лекарственная— Sanguisorba
officinalis, дала жалбызы— мята полевая— Mentha arvensis, ащы жусан— полынь горькая—
Аrtemisia absinthium, сұр жусан— полынь серая— Artemisia glauca, биік жусан— полынь высокая— Artemisia abrotanum, далалық сəлбен— шалфей степной— Salvia stepposa, иісті киікоты— зизифора пахучковидная— Ziziphora clinopodioides, кəдімгі жебіршөп— тимьян обыкновенный— Thymus vulgaris) шикізатының эксплуатациялық жəне жыл сайынғы мүмкіндік қоры анықталды.Тіркелген өсімдіктердің ішінде ғылыми медицинаға енгізілген, қазіргі таңда сұранысы жоғары үш түрлі (кəдімгі түймешетен— пижма обыкновенная— Tanacetum vulgare, кəдімгі мыңжапырақ— тысячелистник обыкновенный— Achillea millefolium, ащы жусан— полынь горькая— Аrtemisia absinthium) дəрілік өсімдіктердің жер беті өркен мүшелері эксплуатациялық шикізат қоры мен жыл сайынғы мүмкіндік қоры барлық зерттелген өңірлер бойынша жоғары сандық көрсеткіш көрсеткендігі туралы айтылған. Əр аудан бойынша 10 түрлі дəрілік, эфир майлық өсімдіктердің қорын салыстырмалы түрде анықтау барысында таралу жағынан да, шикізат қорының тығыздымен мен эксплуатациялық, жыл сайынғы мүмкіндік қорының сандық көрсеткіштері— Райыс көңі мен Дарат тоғанының маңында анықталған
өсімдіктерде жоғары көрсеткіштер бергендігі туралы айтылды.