Ақмола облысындағы шағын қалалар тұрғындарының көші-қоны
DOI:
https://doi.org/10.31489/2017bmg3/91-95Keywords:
көші-қон, шағын қала, жастық құрамы, қартаю, көші-қон айырымы, геодемографиялық үрдіс, механикалық өсім, жыныстық құрамы, эмиграция, иммиграцияAbstract
Мақалада Ақмола облысының шағын қалалардың халқының көші-қоны, оның геодемографиялық үрдістерге ықпалы, атап айтатын болсақ, тұрғындардың жастық жəне жыныстық құрамы қарастырылған. Сонымен қатар көші-қонның сандық жəне сапалық көрсеткіштеріне талдау жасалған. Ақмола облысының Статистика департаментінің ресми ұсынған мəліметтерін талдау негізінде авторлар келесі мəселелерді ерекше бөліп көрсетеді, олар: қала халқының жастық құрамы бойынша қарт адамдардың
үлесінің артуы, жастарды шағын қалаларда қалдыру мəселелері. Мақалада көші-қонның сандық көрсеткіштеріне нақтылап талдау жүргізу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Зерттеліп жатқан тақырып бойынша Ақмола облысының шағын қалаларында жүріп жатқан геодемографиялық үрдістер туралы жаңа тың мəліметтер келтірілген.