Фитофаза және оның фосфорды қолдаудағы ролі
DOI:
https://doi.org/10.31489/2017bmg4/51-55Keywords:
микроағзалар, фитазалар, фитаттар, микробтық биотехнология, бактериялар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, фитатфосфатазды ферменттер, фитин қышқылы, фитазды белсенділікAbstract
Фитаттар өсімдіктерде фосфор жиналуының негізгі формасы болып табылады. Өсімдіктердің құрамындағы фосфордың 60 %-дан 80 %-ға дейінгі мөлшері фитат күйінде болады. Көбінесе фитаттар өсімдіктерде кальций, магний немесе калиймен кешенді түрде кездеседі, бұл жануарлар мен адамдар үшін осы катиондардың биологиялық қолжетімділігіне əсер етуі мүмкін. Сонымен қатар металдардың жетіспеушілігімен немесе вегетариандар, балалар мен қарт адамдардың сүйектерінде минералдардың жетіспеушілігімен байланысты бұзылуларға əкелуі мүмкін. Фитаттардың бейорганикалық фосфаттарға айналу конверсиясы фитаттарды фитаза деп аталатын фосфатазалы ферментпен өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Бұл айналу реакциясының өнімдері миоинозитолфосфаттар болып табылады. Мақала микроағзалар көмегімен фитин қышқылын ыдырату мəселесіне арналған. Фитаттар мен олардың өнімдерін арнайы сатылы түрде ыдырату үшін фитазаларды синтездеуге қабілетті бактериялар мен зең түрлері қарастырылған.