Оңтүстік Шығыс Қазақстан аймағындағы Agrimonia asiaticaJuz. дəрілік өсімдігінің биологиялық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2018bmg1/28-33Keywords:
Agrіmonіa аsiatica Juz., эпидермис, флоэма, ксилема, өткізгіш шоқ, мезофилл, трихома, перидерма, склеренхимаAbstract
Мақалада Оңтүстік Шығыс Қазақстанда өсетін раушангүлділер тұқымдасы, Аgrimonia L. туысына жататын Agrimonia asiatica Juz. өсімдігінің вегетативтік мүшелерінің морфологиялық жəне анатомиялық құрылысының зерттеу нəтижелері келтірілген. Азия ошағаны көпжылдық, тамырсабақты, биіктігі 30–117 см болып келеді. Жапырақтары сопақша-жұмыртқа пішінді, шеттері ірі тісті, ұзындығы3–30 см, ені2,5–12 см. Жапырақ тақтасында бір өткізгіш шоқ жəне төменгі эпидермисте жай трихомалар орналасқан. Тік сабағы мен жапырақ сағақтары қалың қабықты, ұзын, қатты, түсіп қалатын түктермен жабылған. Гүлдері күңгірт сары түсті, эллипс тəрізді, жеміс берген кезде гүлшоғырының ұзындығы 40 см-ге жетеді. Жемістерінің ұзындығы9 мм шамасында. Өсімдік сабағы мен тамыры жақсы дамыған ксилема элементтерімен ерекшеленеді. Бұл өсімдіктің химиялық
құрамындағы илік заттар, флавоноидтар, тритерпеноидтар, жоғарғы майлы қышқылдар, фенол
қышқылдары мен полисахаридтердің халықтық жəне дəстүрлі медицинада əр түрлі ауруларды емдеуде қолданылуы жайлы жүргізілген көптеген ғылыми зерттеулерге шолу жасалған. Компьютерге қосылған арнайыMicrovisible бағдарламасы бар MCX100 Micros микроскопы көмегімен өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің көлденең кесінділері микросуреттерге түсірілді. Сонымен қатар өсімдік жапырағы, сабағы жəне тамырының анатомиялық құрылысына морфометрикалық өлшеулер жүргізіліп, олардың орташа көрсеткіштері келтірілген.