Ескене таулы өңірінің ерте көктемде гүлдейтін өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2018bmg3/48-52Keywords:
фитоценология, мезоксерофит, ксерофит, ксеромезофит, гемикриптофит, терофит, өсімдіктер пайдалыAbstract
Мақалада Жаңаарқа ауданына Ескене таулы өңіріне қарасты үш бөлімшенің (Таңқы, Оқтөнген, Жартас) өсімдіктер бірлестігінің түрлері анықталғандығы жəне осы өсімдіктер бірлестіктерінде 16 тұқымдасқа, 26 туысқа жататын 48 түрлі өсімдіктердің кездесетіні туралы айтылды. Зерттелген Ескене таулы өңірінде барлық өсімдіктер бірлестігінде көп кездескендер— бұршақ тұқымдастарының өкілдері: Astragalus puberulus L. — түкілпе таспа, Vicia cracca L. — тышқансиыр жоңышқасы,
Lathyrus pratensis— шалғындық əйкен, Lathyrus tuberosus L. — шалғындық əйкен, Clycyrrhiza aspera
P. — тəуір мия. Одан кейінгі орында раушангүлділер: Potentilla reptans L. — жатаған қазтабан, Potentilla flagellaris L. — шырмауық қазтабан, Potentilla bifurca L. — айыр қазтабан, Spiraea hypricifolia— шайқурай жапырақты тобылғы. Лалагүлділерден: Allium cepa— қатпарлы пияз, Tulipa Schrenkiana — Шренк қызғалдағы, T. patens Agardh— қыр қызғалдағы, Fritillaria meleagroides Patrin – кішкентай сепкілгүл. Тіркелген өсімдіктерге фитоценологиялық сипаттама беріліп, олар өмір сүру формасына, систематикасына жəне халық шаруашылығының əртүрлі саласында қолданылуына
байланысты жіктелгендігі көрсетілген. Сол сияқты Ескене өңірі бойынша қорғауды қажет ететін,
жойылып бара жатқан, сирек кездесетін өсімдіктер түрлері: отырыңқы гүлді əтеп (сирения сидячецветковая), тырнашөп (жабрица бухтарминская), кіндік тəрізді кəріқыз (липучка пупковидная), қызыл қойжелкек (козлобородник красный), Шангин айдаршөбі (хохлатка Шангина) жəне кішкентай секпілгүл (рябчик малый) анықталды. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген түрлерге: сарғалдақтар тұқымдасынан— ашық құндызшөп (сон трава раскрытая) жəне лалагүлділер тұқымдасынан Шренк
қызғалдағы (тюльпан Шренка) жатады.