Құс етінен жасалған салмалы ораманы өндіру технологиясын жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.31489/2018bmg3/65-69Keywords:
күркетауық, зімбір, орама, технология, салма, рецептура, пайдалы өнім, диеталық өнімAbstract
Мақалада күркетауық етінен салмалы ораманы өндіру қарастырылған. Құс етін салмамен байытып, оның тағамдық құндылығын арттыруға болады. Құс етінің арасына қосылатын көкөністер адам денсаулығына өте пайдалы. Сол себепті салмалы құс етінен жасалған ораманы тағам рационына қосуға болады. Авторлар күркетауық етінен жасалған салмалы ораманы өндіру технологиясын жетілдіруін қарастырылған. Өсімдік шикізаттарын тиімді пайдалана отырып, құс етінінің жаңа рецептуралық қоспалары негізделген. Рецептурадағы қоспалардың құрамы, функционалдық-технологиялық қасиеттері, тағамдық жəне биологиялық құндылығы зерттеліп, оларды тиімді өңдеу режимдері анықталған. Зімбірмен байытылған күркетауық етінен жасалған мраморлы салмалы ораманың сaпaлы көрсеткіштері мен физика-химимиялық қасиеттері анықталды. Құрамы байытылған салмалы орама өндіру технологиясы жетілдіріліп, жaңa рецептурa құрaстырылды. Шығaрылғaн жaңa технология ет өнімдерін өндіретін өндірістерінде қолдaныс тaбaды.