Адамның психофизиологиялық қызметтеріне музыка жанрының жəне құлаққапты қолдану арқылы тыңдаудың əсері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2018bmg3/121-125Keywords:
музыка жанры, құлаққаптың түрлері, есту өткірлігі, дыбыстың дауысы, рұқсат етілген нормаларAbstract
Ағзаның психофизиологиялық жағдайына музыканы құлаққап түрлерін қолдану арқылы тыңдаудың жəне əртүрлі музыка жанрларының əсерін білу мақсатында зерттеулер жүргізілді. Медициналық жоо-ның екінші жəне үшінші курс студенттерінен сауалнама арқылы сұхбат алынды жəне есту өткірлігін анықтау үшін арнайы физиологиялық əдістер қолданылды. Сыбырлап жəне қалыпты сөйлеуді қабылдау, сонымен бірге ұялы телефондағы шағын тест арқылы есту қабілеттері тексерілді. Қолданылған құлаққаптардың физиология-гигиеналық сипаттамалары зерттелді. Децибилді (дБ) шу
өлшеуіштің көмегі арқылы, музыканы тыңдау кезіндегі құлаққаптардан шыққан дыбыстың қарқындылығы өлшенді. Музыкалық артықшылық пен адамның мінез-құлық арасындағы үлгісін жасау үшін сұхбаттасқан студенттерден мінез-құлық ерекшеліктері анықталды. 1500 астам адамға зерттеу жүргізілді. «Excel» бағдарламасы арқылы нəтижелердің статистикалық өңдеуі жүргізілді. Құлаққаптар арқылы музыканы қатты жəне ұзақ уақыт тыңдау есту өткірлігіне теріс əсер беретіндігі фактілері анықталды. Есту уақыты өте келе бір дыбысқа қалыптасады жəне тыңдаушылардың көбісінде музыка тыңдаған сайын дауысын қаттырақ тыңдау заңдылығы байқалады. Құлаққапсыз адамның құлағы ең жақсы қалыпта 55–60 дБ дыбысты қабылдайды. Музыканы тыңдау кезінде музыка жанры мен адамның мінез-құлығының типологиялық ерекшеліктері арасындағы байланыс көрсетілді.