Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын мекендейтін жыртқыш аңдар
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg1/25-30Keywords:
Қорғалжын, фауна, популяция, маршрут, мониторинг, қорық, қасқыр, көл, тығыздық, факторларAbstract
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының территориясында мекендейтін жыртқыш аңдардың қазіргі
кездегі таралуы мен сандық көрсеткіштеріне талдау жасалып, оларды қорғау, сақтау шаралары туралы
мəліметтер жинақталып берілді. Зерттеулер нəтижесі бойынша қорық аймағында қасқыр мен қарсақтың сандары азайғаны байқалса, борсықтың саны өскені анықталды. Борсықтар жыл бойы індерін өзгерте отырып, түрлі факторлардың əсеріне бейімделген. Олардың қоныстары көпшілік жағдайда көлдерге жақын жерлерде. Ал, ашық далада аңдары дала күзені, аққалақ пен ақкіс қорық территориясында аз мөлшерде кездеседі. Қыс мезгілдерінде көл жағасындағы камыстар арасында көбірек ұшырасады. Қасқырдың қоныстары қорық аймағынан тіркелген жоқ. Ірі жыртқыштардың санын анықтау жұмыстары маршруттық əдіспен жүзеге асты. Сусар тұқымдастарының санын анықтауға алаңдық санақ əдістері қолданылды. Қорық аумағы жыртқыштардың тіршілігіне өте қолайлы, азық қоры мол орта болып табылады. Олардың мекендейтін орталарына антропогендік факторлардың əсері байқалмайды. Қорық территориясына соңғы жылдары Америка күзені(Mustela vison Schreber, 1777) Нұра өзені бойымен еніп, ондатр популяциясына əсер етуде, əсіресе жаз-күз мезгілінде көлдерде көп кездеседі. Жыртқыштардың қорық аумағындағы санына мониторингтік жыл бойы жүргізуге ұсыныстар жасалды.