Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері

Authors

  • Н.А. Сапарбаева

DOI:

https://doi.org/10.31489/2019bmg1/51-56

Keywords:

биологиялық алуантүрлілік, тұжырымдама, жойылып бара жатқан түр, ценопопуляция, жота, тағамдық өсімдік, Алтай, Солтүстік Тянь-Шань, таулы жүйе, тұқымдас

Abstract

Мақалада Жоңғар Алатауының солтүстік беткейіндегі тағамдық жəне пайдалы өсімдіктердің таралу ерекшеліктері қарастырылған. Автор жотадағы анағұрлым кең таралған жəне өсімдік түрлеріне бай
тұқымдастар тоқталған: Asteraceae, Poaceae, Fabaceae, Brassicaeae, Rosaceae, Caryophyllaceae, Lamiaceae, Ranunculaceae, Scrophulariaceae, Apiaceae, Boraginaceae, Chenopodiceae, Liliaceae, Polygonaceae, Berberidaceae, Iridaceae. Түр санына бай туыстар анықталған, олар: Astragalus, Carex, Artemisia. Жотадағы массивтері анағұрлым ірі көлемде кездесетін тағамдық өсімдіктердің басқа да пайдалы түрлеріне талдау жасалған. Азықтық өсімдіктердің басым бөлігін Fabaceae тұқымдасының төмендегідей туыстары құрайды: Medicago, Melilotus, Trifolium, Vicia. Азықтық өсімдіктердің ішінде Asteraceae, Apiaceae жəне тағы басқа тұқымдастар кең таралған. Жотада, жеміс-жидекті өсімдіктерден басқа, тамыры, жапырағы, сабағы жəне тұқымы жеуге жарамды бұталы жəне шөптесін өсімдік түрлері кездеседі, олар: Polygonum coriarium Grig., Rheum wittrockii Lundstr. Жоңғар Алатауында дəрілік өсімдіктердің110 түрі кездеседі. Жота аумағында кездесетін Brassicaceae, Rosaceae, Fabaceae, Lamiaceae тұқымдастырының барлық түрі бал беретін өсімдіктер, олар:Salix kirilowiana Stchegl., Malus, Rosa plathiacantha, Hedysarum songoricum Bong., Polygonum, Lathyrus. Техникалық өсімдіктердің басым бөлігі ортатаулы аймақтарда кең таралған.

Downloads

Published

2019-03-30

Issue

Section

Articles