Болашақ география пəні мұғалімдерін даярлауда этнопедагогиканың орны
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg1/96-102Keywords:
этнопедагогика, топонимика, эстетика, табиғат, география, инновация, өркениет, этника, білім, ұлттық құндылықAbstract
Қазіргі уақыттағы ең басты мəселелердің бірі болашақ география мұғалімдерін дайындау болып табылады. Бүгінгі студент— ертеңгі мектеп мұғалімі, оның кəсіби шеберлігін, білім мен тəрбиені ұштастыра білуін үйрету— жоғарғы оқу орны мұғалімдерінің міндеті. Жас ұрпаққа білім мен тəрбие
беру барысында, біріншіден, бүгінгі өркениетті дүниеде болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға,
екіншіден, өз халқының ұлттық мəдени-тарихи, əлеуметтік-экономикалық ахуалын терең танытуға айрықша назар аударудың қажеттілігін көрсету керек. Білім беру жүйесінде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен тəрбиелеуде олардың жалпы мəдениетін қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тəрбиелеуде, жастардың қабілетін, іскерлігін дамытуда, өзінің табиғат пен қоғам алдындағы
жауапкершілігін сезінуде, жер бетіндегі тіршілікті сақтауда география пəні үлкен роль атқарады. География пəнінің эстетикалық тəрбиеде алатын орны ерекше екені түсінікті. Мақалада қазақ жерінің
географиясы мен елінің тарихын, салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпын байланыстыратын, ұлттық үлгіде білім алатын студент жастарға қажетті деректер көптеп келтірілген, сондай-ақ этникалық тəрбие беруде топонимиканың қажеттілігі, өзектілігі аталған. Болашақ география мұғалімдердің кəсіби педагогикалық іс-əрекетке табысты бейімделуінің үлгісі ретінде автор мотивациялық, бейімділік, танымдық, кəсіби педагогикалық əрекетті біріктіретін тұтас қызмет болып табылады деген пікір ұсынып отыр.