Киік(Saiga tatarica) Қазақстан аймағындағы популяцияларының тарихи таралуы жəне оның қазіргі кездегі көрінісі
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg2/143-148Keywords:
Saiga tatarica, экожүйе, ақбөкен, популяция, неотения, қаскөйлік, пастереллезAbstract
Мақалада ақбөкен, немесе киік (лат. Saiga tatarica), жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, дене бітімі ірі, қой пішіндес, күйіс қайыратын қазақ даласының киелі жануары туралы сөз қозғалған. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған бөкендердің сүйек қалдықтары,
ертеректе Ұлыбритания аралынан Аляскаға дейінгі аралықта тіршілік еткенін аңғартты. Еліміздің солтүстік аймағында Ямышево мен Подпуск ауылды жерлерінде, Семей қаласы өңірінен, Нұра өзенінің жағалауынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірінен ежелгі жəне орта антропогеннен қалған ақбөкендердің сүйектері табылған. Қазір бөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы, Ресейде жəне Қазақстан территориясында мекен етеді. Бес мыңға жуық киік Қазақстан мен Өзбекстан аралығында көшіп жүрсе, ҚХР мен Түркіменстанда мүлдем жойылған делінуде. Теңіз көлі жағалауынан Бетпақдала аумағына дейінгі аймақтарда кеңінен таралған ақбөкендердің сол уақытта көптігі сонша, жолдар жағалауынан да, елді мекендер маңынанда аз кездеспейтін. Жалпы киіктер бес популяцияны құрайды. Олар Монғолияны жəне Ресейді, қалған үшеуі, яғни: Бетпақдала, Орал жəне Үстірт популяциялары Қазақстанды мекендейді. Дүниежүзіндегі ақбөкеннің 95 %-ы Қазақстанда тіршілік етеді. 2018 ж. соңғы санақ бойынша, киіктердің жалпы саны45 %-ға өскені анықталды. Орал мен Бетпақдала популяцияларына қарағанда, Үстірт популяциясы жойылу шегінде. Яғни, 2016–2017 жж. санақ нəтижелері бойынша, киіктердің саны 1900–2700 құрады. Ал1980 ж. соңы мен1990 ж. басында 250 000-нан астам киік басы саналған болатын. Бұл дегеніміз, дала еркелерінің99 %-ға дейін азайғанын білдіреді.