«Бұйратау» МҰТС жерін геоботаникалық аудандастырудың картографиялық негіздері: əдістері, түрлері жəне жіктелуі
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg2/200-205Keywords:
геоботаникалық аудандастыру, экожүйе, қоршаған орта, картографиялау, фитоценохора, фитосинтоксон, фитоценоморфтарAbstract
Мақалада «Бұйратау» МҰТС геоботаникалық аудандастырудың алғышарттары қарастырылған. Яғни жалпы геоботаникалық аудандастыру деген не, оны қандай əдістермен жүргізеді, аудандастыру мен жіктеудің түрлері қарастырылған. Осыған орай негізгі ұғымдарға анықтама беріліп, далалық экожүйені картографиялық əдіс негізінде зерттеу мүмкіндіктері айтылған. Мақала көптеген ғылыми əдебиеттер берілгендеріне сүйеніп, теориялық негізделген. Қазақстан территориясының табиғи ерекшеліктерін сақтау мен қорғау мақсатында құрылған нысандарды жетілдіру шаралары көрсетілген. Геоботаникалық зерттеу негіздерінің қалыптасу тарихы мен кезеңдері аталып, ондағы өзіндік үлесі бар көрнекі авторлар аталып өткен. Геоботаникалық аудандастыру түрлері ұсынылып, картографиялау əдістерінің жүргізілу барысы берілген. Яғни ғылыми мақала Қазақстанның далалық экожүйесінің қалыптасуына əсер еткен факторлардың негізінде, бүгінгі күні қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы туралы ақпарат береді. Сондай-ақ «Бұйратау» МҰТС(Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы) өзіндік ерекшелігі бар табиғи ландшафты мен экожүйесін зерттеу мүмкіндіктері мен маңыздылығы айтылған. Аталған нысан географиялық орны ерекшелігіне байланысты өзіндік ботаникалық алуантүрлілікке ие, бірақ, соған қарамастан, ол нысанның зерттелу деңгейі жеткіліксіздігіне байланысты аумақтық геоботаникалық еңбектердің қажеттілігін атай отырып, автор өзіндік геоботаникалық аудандастыруды ұсынады. Бұл сынды еңбектер əлі де болса əдебиеттер қорында жоқ, сондықтан тақырып тың жəне жаңа.