Павлодар облысындағы Маралды көлі маңындағы топырақтың тұздануы

Authors

  • Ж. Рахымжан
  • Р.Р. Бейсенова
  • Ж.Б. Текебаева
  • М.Б. Хусайнов

DOI:

https://doi.org/10.31489/2019bmg4/45-51

Keywords:

тұзды топырақ, галофитті өсімдіктер, фитоэкстракция, физико-химиялық көрсеткіштер, тұздар, аниондық құрам, тұзды батпақтар, сульфаттар, улы тұздар, топырақ сынамасы

Abstract

Мақала Павлодар облысындағы Маралды көлі маңындағы топырақтың тұздылық деңгейін жəне физикалық көрсеткіштерін анықтауға арналған. Қазақстан Республикасының тұзданған жерінің жалпы
ауданы1,286×106 км2 , бұл əлем бойынша тұзды топырақтардың таралу көрсеткішінің жалпы ауданына шаққандағы үлесі47 %. Бұл— Қазақстан аймағындағы маңызды экологиялық проблемалардың бірі. Осы тұрғыда біздің елімізде жер бетінде кең таралған тұзды топырақ сияқты жарамсыз жерлерге деген қатты қызығушылық туындай бастады. Сондықтан, осы көл маңындағы топырақтың тұздылық деңгейі, аниондық құрамы негізінде топырақтың тұздық типі жəне оның деңгейі анықталған. Зерттеулер нəтижесіне сəйкес, Павлодар облысы Маралды көлі маңындағы топырақтың құрғақ қалдығын зерттеу нəтижесінде топырақтың тұздылығы өте жоғары екені анықталды. Зерттеген топырақ сынамасының 4 нұсқасының құрғақ қалдық мөлшерінің ең төменгі көрсеткіші 2,97 ± 0,09 жəне ең жоғары көрсеткіші 3,31 ± 0,09 болғандығы себепті, сонымен біргеp H көрсеткішінің ең төменгі 8,33 ± 0,10 жəне ең жоғары 9,43 ± 0,10 мəні бойынша сілтілі орта деп тұжырым жасалынды. Қорытындылай келе, Павлодар облысы Маралды көлі маңындағы топырақ тұзды батпақты типке жатқызылды. Н.И. Базилевич, Е.И. Панковая əдісі бойынша топырақтың аниондық құрамын зерттеу нəтижесінде топырақ улы тұздардың мөлшеріне байланысты сульфат-хлорид, сульфат болып жіктелетіні анықталды. Топырақтың улы тұздар мөлшеріне байланысты топырақ сынамасының нұсқаларында Cl– –SO42– — 0,80 > 0,6 жəне тұзды батпақты топыраққа жататынын анықталды.

Downloads

Published

2019-12-30

Issue

Section

Articles