Балдырлардың дротавериннің əсеріне сезімталдылығы
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg4/52-56Keywords:
сандық анықтау, дротаверин, Chlorella sp., өсу жылдамдығы, өсу ингибициясы, фармацевтикалық қалдықтар, ағынды су, қоректі орта, экополютант, белсенді дəрілік қосындыларAbstract
Қазіргі таңда адамзат түрлі фармацевтикалық өнімдерді қажеттіліктеріне байланысты күнделікті өмірде пайдаланып, су көздеріне шығарып жатыр. Дəрі-дəрімектердің адам ағзасына тигізетін теріс əсерінен бөлек, олардың дұрыс емес жолмен жойылуы, қоршаған ортаға ретсіз төгілуі экожүйелер мен су биотасына зиянын келтіруі мүмкін. Қазақстанда қоршаған ортаның фармацевтикалық ластануы басқа шет елдермен салыстырғанда жете зерттелмеген. Зерттеу нəтижелерінде анықталғандай Қазақстанда басым түрде кездесетін фармацевтикалық қосындыларға экотоксикологиялық зерттеулер жүргізу қажет. Мақалада дəрілік препараттардың қолдану деңгейі мен қоршаған ортадағы фармацевтикалық қалдықтардың су биотасының өкілі Chlorella speciesке тигізетін əсері зерттелді. Зерттеу нысаны ретінде дротаверин гидрохлоридті алдық, себебі дротаверин Қазақстанда басым түрде кездесетін қосындылардың біріне кіреді. Препараттың 1–100 мг/л аралығында концентрацияларының əсері анықталды. Бақылау тобымен дротаверин гидрохлоридтің өсу жылдамдығын салыстыратын болсақ, жеті есеге дейін төмендеп кеткен. Дротаверин гидрохлоридтің ең жоғарғы концентрациясы Chlorella sp.-тің өсу қарқынын төмендетіп, өсудің 99,7 ± 0,13 % тежелуіне алып келді.