Украиндық тұқы балықтарының уылдырықтарын жасанды жолмен алу, ұрықтандыру жəне инкубациялау нəтижелері
DOI:
https://doi.org/10.31489/2020bmg4/72-78Keywords:
украиндық тұқы, инкубация, ұрықтандыру, шылымсыздандыру, украиндық тұқы балықтарының дернəсілдері, «Вейс» аппаратыAbstract
Мақалада жасанды ортадағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылары (ТЖСҚЕҚ) жағдайында өсірілген украиндық тұқы балықтарының жасанды көбею нəтижелері келтірілген. Оңтайлы температура мен оттегі режимін, сумен жабдықтау циклі бар қондырғылар жағдайында азықтандыру нормаларын құру есебінен балықтардың жыныстық жетілу мерзімі қысқарады. Зерттеуге ТЖСҚЕҚ жағдайында өсірілген жəне жыныстық жетілуге жеткен украиндық тұқы балықтары алынды. Жыныс өнімдері уылдырық пен шоғалды— алу зертханалық жағдайда стерильді ыдыстар мен зертханалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілді. Жыныстық өнімдерді алу кезінде уылдырық пен ұрықтың сапасы балдық шкала бойынша анықталды. Уылдырықты ұрықтандыру үшін тікелей сапасы 4 жəне 5 балға сəйкес келетін украиндық тұқы балықтарының ұрықтары қолданылды.
Кейін ұрықтандырылған уылдырық«Вейс» аппаратының колбаларында майсыз сүт пен барботаждың
көмегімен шылымсыздандырылды. «Вейс» аппаратының колбаларында тұқы тұқымдас балықтары-ның ұрықтандырылған уылдырықтарын инкубациялау кезіндегі негізгі көрсеткіштер зерттелді.
Инкубациялау кезіндегі уылдырықтардың даму ұзақтығына əсер ететін жекеленген температуралар
сарапталып сараланды. Мақалада инкубациялық жұмыстары үшін ең қолайлы параметрлер зерттеліп,
температура20–22 ºС тең келіп, ал оттегі мөлшері тұрақты түрде6–8 мг/л болса инкубациялық
жұмыстардың нəтижесі зертханалық жағдайда сəтті өтетіні анықталды. Осы критерийлерді сақтай
отырып жұмыстану кезінде украиндық тұқы балығы уылдырықтарының ұрықтану пайызы75–80 %
құрады. Бір аналықтан алынған үш тəуліктік дернəсілдердің шығымы100–250 мың дана.