The concept of “Natural cataclysm”: patterns and causal relationships

Authors

  • А.С. Мурзинова
  • К.Н. Мамирова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2021bmg2/102-107

Keywords:

Жер, литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера, табиғи катаклизмдер, литосфералық катаклизмдер, жер сілкінісі, цунами, себеп-салдар байланыстар

Abstract

Мақалада географиялық қабықта тікелей болатын табиғи апаттар туралы айтылған. Мақала мазмұнында авторлар «табиғи апат» ұғымына өзіндік түсінік берген. Табиғи апаттардың жіктемесі ұсынылды және олардың өзара әрекеттестігі орнатылды. Табиғи апаттардың себеп-салдарлық байланыстары олардың факторларын, көрсеткіштерін және олардың салдарын анықтай отырып ашылды. Қауіпті табиғи процестерге баға берілді, сондай-ақ катаклизмдердің көріну масштабы, уақыты, шығу тегі, көріну ауданы, сондай-ақ әсер ету сипаты бойынша жіктеу жүргізілді. Табиғи апаттардың мына типологиясы ұсынылған: деструктивті әсерге ие (дауыл, тайфун, торнадо, жер сілкінісі, жәндіктермен зақымдануы); көлік қозғалысын тоқтатуға әсер ететін (қар жаууы, су басу, нөсер, тұман); сарқылушы әсерге ие (өнімді, топырақтың құнарлылығын, сумен жабдықтауды және басқа табиғи ресурстарды азайту); технологиялық апаттарды (табиғи және техникалық апаттарды) тудыруы мүмкін табиғи апаттар (найзағай, мұз, мұздану, биохимиялық коррозия және т.б.). Сонымен бірге мақалада табиғи апаттарды бақылау және болжау міндеттері қарастырылған. Осы мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты жинауды, сақтауды және өңдеуді қамтамасыз ететін экологиялық бақылау жүйелерінің синтезіне ерекше назар аударылған. Экоинформатиканың алгоритмдері мен әдістеріне негізделген және ақпараттық технологиялар мен экологиялық кіші жүйелер эволюциясы модельдерін бірлесіп пайдаланудан тұратын аэроғарыштық бақылау жүйелерінің синтезінің жаңа тұжырымдамасы сипатталды. Табиғи апаттардың нақты жағдайлары талданды.

Downloads

Published

2021-06-30

Issue

Section

Articles