Introduction of Syringaspecies in Akmola region

Authors

  • Г.С. Айдарханова
  • Б.С. Имашева

DOI:

https://doi.org/10.31489/2021bmg3/7-17

Keywords:

Ақмола облысы, жұпаргүл, Syrіngеa түрлері, интродукция, мониторинг, таксация, жапырақтар, фотосинтез, ауыр металдар

Abstract

Мақалада Орталық Қазақстан қалаларының жасыл аумақтарына төзімді түрлі ағаштар мен бұталардың
арасында жерсіндіруге мүмкіншілік тудыратын жұпаргүлдер түрлері қарастырылған. Осы аумақтың қалаларын жасылдандыру үшін ағаш өсімдіктері мен бұталарының биоалуантүрлілігі өте маңызды екені, олардың қысқаша интродукциялану тарихы жарияланды. Зерттеу барысында авторлар жерсіндіруге арналған жұпаргүл түрлеріне (Амур жұпаргүлі (Syrínga amurénsis), Облата жұпаргүліне,
(S.oblata), Үлпек жұпаргүліне (S. pubescens), Пекин жұпаргүліне (S.pekinensis) мониторинг жүргізу ережелерін ұсынды. Олардың таксациялық көрсеткіштері 50,0; 86,4; 23,3; 71,7 пайызды құрайды. Осы түрлердің ішінде Ақмола облысындағы аумақта морфологиялық бейімделуі Облата (86,4) жəне Пекин (71,7) жұпаргүлдерінде қарқынды. Өсімдіктердегі интродукция қарқындылығын бағалауға фотосинтездің белсенділігі анықталды. Облата жұпаргүлінде(0,75 мкг/г) фотосинтетикалық белсенділіктің біршама төмендігі байқалған, басқа жұпаргүлдердің үшеуінде де жоғарылау (0,78 мкг/г). Зерттелген Syringеa түрлерінде ауыр металдардың арасында кадмий, қорғасын Амур жұпаргүлі жапырағында басқаларға қарағанда 2,5 есеге дейін жоғары болды. Темір өте жоғары деңгейде Амур
жұпаргүлінде жинақталып (3833,69 мкг/г), шектеулі рауалы концентрациядан(ШРК) 13 есе артқан.
Мыс мөлшері Облата жұпаргүлінде ШРК-дан1,1 есе жоғары. Мырыш мөлшері барлық зерттеу өсімдіктерінде бірдей, көрсеткіштері ШРК-дан аспайды. Cu жəнеFe жұпаргүл жапырақтары ШРК-дан көп жинайтыны байқалды. Аккумуляциялық қасиеті  Жоғары Амур жұпаргүлі, себебі ол ең улы ауыр
металдарды интенсивті сіңіретінін байқатты. Қорытындылай келе, ауыр металдар əр өсімдік түрінде əртүрлі концентрацияда жинақталады.

Downloads

Published

2021-09-30

Issue

Section

Articles