Bioecological features and economic significance of rare, endangered and endemic plant species of the State Agricultural Enterprise “Buiratau”

Authors

  • К.Д. Кенжина
  • А.К. Ауельбекова

DOI:

https://doi.org/10.31489/2021bmg3/64-72

Keywords:

эндемик, сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, антропогендік фактор, биоэкологиялық, экономикалық бағалы

Abstract

Мақалада Қазақстан Республикасында реттілігі бойынша ең соңғы ашылған«Бұйратау» Мемлекеттік
ұлттық табиғи саябағының(МҰТС) түтікті өсімдіктерінің ерекше топтары: сирек, жойылып бара
жатқан жəне эндемик өсімдіктерінің биоэкологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық маңызына баға
беруге арналған. Авторлар мақалада əртүрлі негізгі ғылыми əдістер арқылы анықталып, ғылыми əдебиет көздерінің ақпараттары негізінде жинақталған мəліметтерді жүйелеп, нақты зерттеулер құрастырған. Осы зерттеулер нəтижесі бойынша «Бұйратау» МҰТС сирек жəне жойылып бара жатқан 24 түрлі өсімдіктердің, Қызыл кітапқа енген10 түрлі өсімдіктердің жəне эндемик 7 түрлі өсімдіктердің нақты биоэкологиялық, экономикалық сипаты берілген. Зерттеу нысанының соңғы жылдардағы зерттеу нəтижелеріне сəйкес, аумақта түтікті өсімдіктердің 75 тұқымдас пен 288 туысқа жататын 610 түрі анықталған. Осы аталғандардың ішінде эндемиктердің— 5 тұқымдасқа, 6 туысқа жататын 7 түрі таралған. Бұл жалпы Орталық Қазақстанда бар эндемик өсімдіктердің 1/4 бөлігі. Ал Қызыл кітапқа енген 387 түрдің 10-ы осы аумақта кездеседі. Сондай-ақ, бұл аумақта сирек кездесетін өсімдіктер саны бүгінде 24-ке жеткен. Бұлардың ішінде тек Қарағанды облысы ғана емес, жалпы Қазақстан бойынша сирек кездесетін түрлер де бар.

Downloads

Published

2021-09-30

Issue

Section

Articles