Ecological-morphological features of the East Kazakhstan endemic Hedysarum theinum Krasnob. (Fabaceae)
DOI:
https://doi.org/10.31489/2021bmg3/87-94Keywords:
Hedysarum theinum Krasnob., Hedysarum neglectumLedeb., Fabaceae, биоалуантүрлілік, экология, популяция, морфология, ценопопуляцияAbstract
Қоршаған ортаны қорғаудың басым бағыттарын анықтауда биоалуантүрлілікті сақтау маңызды рөл
атқарады. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтауда өсімдіктердің жай-күйін бағалау мен проблемаларын шешуге бағытталған көптеген стратегияларды орындауды талап етеді. Биоалуантүрлілікті сақтауда емдік қасиеті бар Hedysarum theinum Krasnob. өсімдігінің Шығыс
Қазақстанда кездесетін табиғи популяцияларынан жиналған дарақтарының морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстың мақсаты болып табылады. 2020–2021 жылдары Қазақстан Алтайының Иванов жотасынан теңіз деңгейінен 1794 метр биіктікте, 50о 19‘5. 969 N; 83о 52’44. 270 Е GPS координаталарында кездескен эндемик шай тиынтақ өсімдігінің популяциялары барлаушылық-маршруттық зерттеу əдісімен жүзеге асырылды. Hedysarum theinum Krasnob. бұршақ (Fabaceae) тұқымдасына жататын көпжылдық, кіндік тамырлы, сабақтары түксіз, жапырақтары4–8 жұп, күлтесі қызғылт-күлгін, тұқымдары жұмыртқа тəрізді болып келген Алтай, Орта Азия таулары мен Моңғолияның эндемигі. Шығыс Қазақстанның құнды дəрілік жəне эндемикалық өсімдіктері жеткілікті деңгейде зерттелмегендіктен, өсу ареалы қысқарған Hedysarum theinum Krasnob. түрін терең зерттеу қажеттілігі туындауда.